Алматы облысының тұрғындары бау-бақша арасымен өтіп жүр

Алматы облысының тұрғындары үйлеріне бау-бақша арасымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Осындай тәртіп бұзушы екеуді №14 бақылау-бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлері анықтады.

Бұл — Алматы облысының тұрғындары, олар Үлкен Алматы каналы бойымен, Құлжа трассасынан төмен өтіп, жеке сектордың соқпақ жолымен үйлеріне қайтып бара жатқан. Қаладан кетуге тыйым салынғанына қарамастан, жастар, төтенше жағдайдың ережелерін бұзды, сол үшін олар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай, Алматы полициясы кезекті рет азаматтарды өзін-өзі тәрбиелеуге және заңға бағынуға шақырды.

“Бұл Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Біз бірге жұқпалы індеттің таралуын болдырмауға міндеттіміз, бұл үшін төтенше жағдай ережелерін және санитарлық-гигиеналық сипаттағы мамандардың ұсыныстарын қатаң сақтауымыз керек”, – деп хабарлады Алматы полициясы. 

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды