Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларын ұстады

7 желтоқсанда пәтер ұрлығымен айналысқан топ құрықталды.

Алматы, NEGE. 1994, 1995 және 1986 жылғы күдіктілер - бұрын бірнеше рет сотталған Жамбыл ауданының тұрғындары. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Іле ауданының Полиция басқармасында тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.