Алматы облысының өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін
Таулы жерлерде жауын-шашын болуына байланысты 2023 жылғы 25-26 шілде аралығында Алматы облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі және су тасқыны қаупі бар.
Алматы, NEGE. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Өңірдегі ескертулерді «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға болады.