Алматы облысының басқарма басшысы 33 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігерлік ұйымның басшыларының үстінен аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.