Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатаң сөгіс беру ұсынылды

Кәсіпкерлерге «басымды қатырмаңдар» деген Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатаң сөгіс беру ұсынылды. Енді әдеп кеңесінің бұл ұсынысына байланысты шешімді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қабылдайды.

Алматы, NEGE. Жаңа ғана Талдықорғанда Алматы облыстық бас санитарлық дәрігердің ісі әдеп кеңесінде қаралды. Президент Әкімшілігі және Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Ерғали Сыдымановтың халықпен дөрекі сөйлескен әрекеті бойынша істі қарау тапсырылғанын әдеп кеңесінің төрағасы Ляззат Мұқатайқызы жеткізді.

Кеңес мүшелерінің барлығы Ерғали Сыдымановтың әрекетін талқылап, мемлекеттік қызметші этикасын сақтамағаны үшін қатаң сөгіс беруді ұсынды. Ендігі кезекте бұл ұсынысты Денсаулық сақтау министрі қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Ерғали Сыдымановтың кәсіпкерлерге «басымды қатырмаңдар» деген бейнежазбасы желіге тарап, әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты