Алматы облысының бас санитар дәрігері пневмониядан көз жұмды
Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті. Қайғылы жағдай туралы Алматы облысы әкімі Амандық Баталов Фэйсбуктегі парақшасына жазып, көңіл айтты. Мұны баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел де растады.
Алматы, NEGE. «Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония», - деді Ғ.Жүкел. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты. «Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», - деп жазды А. Баталов фейсбуктегі парақшасында. Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады. Үш баланың әкесі