Алматы облысының әкімінен COVID-19 белгілері анықталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды.

Алматы, NEGE. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. 

«Ауру белгісіз (симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады. Амандық Ғаббасұлы жексенбі күні тест тапсырды», – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.