Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына көшті
Алматы облысы әкімдігінің аппараты Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшті. Бұрын ол жерде казино болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. "Алматы облысының әкімдігі Индустриальная көшесі 16/4 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимаратты жалға алады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.
Бұл ғимаратта бұрын Royal Plaza ойын мекемесі болған.
"Оның жабылғанына біраз болған және меншік иесі ғимаратты кеңсеге арналған әкімшілік ғимаратқа ауыстырды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.