Алматы облысындағы жолдардың бірі жабылды
Алматы облысындағы жолдардың бірі жабылғаны туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті ақапарт таратты.
Алматы, NEGE. Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 30 қараша күні сағат 9.30-дан бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі), Алматы - Өскемен - Қапал-Арасан санаторийі аймақтық автожолының учаскесінде (0 км-ден 45-ке дейін) км.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Олар азаматтардан осы бағытқа жоспарланған жол сапары болса, онда оны кейінге шегеруді сұрайды.