Алматы облысында жаппай төбелес болды

Алматы облысы, Панфилов ауданына қарасты Пенжім ауылында жаппай төбелес болды.

Алматы, NEGE. Алматы облысының Панфилов ауданы Пенжім ауылында жаппай төбелес болып, бір жасөспірім ауруханаға түсті. Жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жағдайды Алматы облысының полиция департаменті растады.

«27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасы Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жасар жасөспірім дене жарақатымен келіп түскен. Тексеру барысында 9 және 10-сыныпта оқитын екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып, оның соңы оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Ауыл азаматтары мен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған