Алматы облысындағы қауіпті жолдар белгілі болды

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті облыстағы қыс мезгілінде ең қауіпті жолдарды атады. Бұл туралы

Tengrintws.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Қыста қар үрлеп, бұрқасын боран аттап басқызбайтын жолдар тізімінің басында Алматы – Өскемен тас жолы (82-98, 572-615, 547-550, 508-537 шақырымдар) тұр. Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас тас жолы (28-109, 32-78, 126-172 шақырымдары) да оңып тұрған жоқ.

Үшарал – Достық тас жолының 106-108 шақырымдары қыста өте қауіпті. Талдықорған – Қапал – Сарыөзек – Көктал жолының да 45-65, 65-72, 90-178 шақырымдарында қыста жол көбіне өткел бермейді екен.

 

Кеген мен Тұйықтың арасы, Көкпек пен Кегенге дейінгі аралықта да жұрт жиі жолда қалады.

Ал енді асуларға келсек, ең қауіптісі – Кеген асуы. Асудың 44-60-шақырымында абайлап жүрген жөн. Одан кейін – Арқарлы. Көкөрім мен Алтын Емел, Ырғайты мен Аласа тұр.

 

«Автокөлік иелері мен жолаушылардың аязда жолда қалуы аса қауіпті. Көлік ауылдардан алысқа қалуы ықтимал. Ауа райының қолайсыздығы туралы уақтылы хабарлама жіберілгеніне қарамастан, кім-кім де жолда қалуы әбден мүмкін. Өзімбілермендік, қауіпсіздікті сақтамау – жарға жығады. Тіпті адам өлімі де болуы мүмкін» дейді төтеншеліктер. Сондықтан, жолда сақ жүріңіз.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады