2 июля 2023 г. 10:51
Алматы облысындағы қамыс өрті сөндірілді
Алматы облысының Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамыс өрті 2023 жылғы 2 шілдеде сағат 7.40- та сөндірілді.
Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, өрттің жалпы ауданы 6200 га болатын.
Өрттің нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы анықтайтын болады.
Өрт жетуі қиын батпақты жерде орын алғандықтан, оны сөндіру қиындай түсті.