Алматы облысындағы G4 City арнайы экономикалық аймағына жаңа атау беріледі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі G4 City арнайы экономикалық аймағын құру туралы ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы қаулысына өзгеріс енгізетін үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

"2048 жылға дейінгі кезеңге арналған "Alatau" арнайы экономикалық аймағы құрылсын", – делінген құжатта.

"Алатау" АЭА аумағы да ұлғаяды. Ол Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігінде, 80 шақырымдық А3 (Алматы – Қонаев) тас жолының бойында 96 560 гектар аумақта орналасады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші баласын дүниеге әкелді

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы