Алматы облысында зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов хабарлады.

Алматы, NEGE. 26 желтоқсанда Іле ауданы ПБ-ға Өтеген батыр ауылы көшелерінің бірінде 40 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

– Аталған деректі полиция ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша дереу тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1993 және 2007 жылғы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар өз қылмысын толық мойындап отыр. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер заңнамада белгіленген тәртіппен қамалды, – деп мәлімдеді Бауыржан Әленов. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады