Алматы облысында жол жабылды

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "ҚазАвтоЖол" және "Қазақавтожолдың" Алматы облысындағы филиалдарының 2021 жылдың 4 қаңтарында сағат 10.30-да берген хабарламасына сәйкес, қатты боран болып, жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал - Достық (Көктума ауылы - Достық станциясы, 84-184-ші шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген", - делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД азаматтарға ұзақ жолға шықпай тұруды өтінді. Қандай да бір жағдай болса, 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін