Алматы облысында жезөкшелер үйі әшкере болды

Алматы облысында полицейлер жезөкшелер үйін және оны ұйымдастырғандарды анықтады, - деп хабарлайды  Polisia.kz .

Алматы, NEGE. Притон Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы қонақүйлердің бірінде анықталған. Полиция секс-притонды ұйымдастырған Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғынын, сондай-ақ 31 және 33 жастағы жеңгетайлар мен жезөкшелерді ұстаған.

Басылым мәліметі бойынша, заңсыз қызметті ұйымдастырушылар клиенттерді іздеу және жарнама үшін мобильді қосымшаны қолданған.

Дерек ҚР ҚК-ның 309-бабы 2-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша соталды тергеудің біріңғай тізіміне тіркелген. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық күдіктіге бұлтартпау шарасы таңдалды.