Алматы облысында жер сілкінді

Бүгін таңғы сағат 8:19 шамасында Алматы облысы, Райымбек ауданында жер сілкінді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, Tengrinews хабарлады.

Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылынан 20 шақырым таулы жерде болған.

Департаменттің хабарлауынша, сілкіністің энергетикалық класы – 8,5. MPV – 3,6. Ал тереңдігі 20 шақырымда болған.

Зардап шеккендер мен қираған үйлер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды