Алматы облысында жарты миллионға жуық медициналық маска тәркіленді

Талдықорған қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан 250 қорапқа салынған медициналық бетперде табылды

pixabay.com

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы санау барысында әр қорапта 1800-2000 дана бетперде бар екені белгілі болды. Болжам бойынша тауарды тиеп, одан әрі жөнелтуге дайындаған.

«Беркут-162» патрульдік экипажы аулаларды жүріп өту барысында қолдан жасалған қойманы байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Еш жерде жұмыс істемейтін 1960 жылы туған азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа. 

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті