Алматы облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды

Алматы облысында жол апаты болып, салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлады Tengrinews.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, 1 сәуірде Audi 100 көлігінің жүргізушісі, яғни Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 196-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1964 жылғы Б. есімді азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Әртүрлі дене жарақаты бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.