Алматы облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Алматы облысының Есік қаласындағы автокөліктерге жанармай құю бекетінде жол апаты болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

«6 тамыз күні сағат 10:15-те «Лэнд Крузер Прадо» маркалы көлігі газ құйылған цистернаға соқтығысып, салдарынан жарылыс болған. Соның нәтижесінде «Хундай Туксон» және «Лэнд Крузер Прадо» көліктері мен құрғақ шөп өртенген. Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері өртті сағат 10:52-де ауыздықтады», – делінген ТЖД қызметкерлері таратқан мәліметте.

1948 жылы туған «Лэнд Крузер Прадо» көлігінің иесі ауруханаға жатқызылған. Оның денесінің 90 проценті күйген.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді