Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды

Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың келесі сатысы басталды.

 Алматы, NEGE. Өңірге Спутник В вакцинасы екінші компонентінің 1450 дозасы әкелінді. 26 емдеу мекемесінде 29 егу кабинеті жұмыс істеп жатыр. Биыл облысқа барлығы 150 мың доза вакцина әкелу көзделген. Шалғай елді мекен тұрғындарын вакцинациялауға арналған 12 жылжымалы бригада жасақталды. Сондай ақ 500 ге жуық медицина қызметкері арнайы оқытылып, аттестацияланды.

Жалпы Алматы облысы бойынша 11 мыңнан астам ақ халаттылар вакцинациялауға жатады. «Бірнеше өзіміздің әріптестерден қан анализдерін алдық. Титр өте жоғары бүгінгі таңда. Сол себептен біздің халқымызға, тұрғындарымызға айтарымыз, вакцинаны қабылдауымыз керек», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді