Алматы облысында тікұшақ құлады

Алматы облысында Eurocopter EC 130B4 тікұшағы құлады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Алматы, NEGE.  Оқиға 2021 жылдың 5 шілдесінде Алматы облысында сағат 17.40-та болған. "Q-AVIA" ЖШС басқаруындағы тіркеу нөмірі UP-EC008, Eurocopter EC 130B4 тікұшағы қатты қонған. Әуе кемесінің бортында экипаждың бір мүшесі және екі жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ.

"Дерек бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді", - деді ААК өкілі.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады