Алматы облысында тегін дәрі таратылады

Алматы облысында 50 миллион теңгенің дәрісі тегін таратылады, деп хабарлайды Inalmaty.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов дәрілер сақталған көтерме қоймаларды аралаған кезде айтты.

- Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың бұйрығына сәйкес, жергілікті бюджеттен дәрілік заттарды сатып алу үшін қосымша 500 миллион теңге бөлінді. Бұдан бөлек 50 миллион теңгеге вирусқа қарсы препараттарды сатып алу жоспарланып отыр. Кейін олар қаупі жоғары топтағы азаматтарға тегін таратылады. Олар - егде жастағы адамдар, созылмалы ауруы бар тұрғындар және азаматтардың басқа да санаты, - деді Байжұманов.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған