Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды
Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды.
Алматы, NEGE. Оның видеосы «Алтынемел» табиғи паркінің Instagram -дағы парақшасында жарияланды. Сібір тау ешкісі ежелден ұлттық парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді. 2021 жылы оның саны 2800 бастан асты. «Фототұзаққа текесі түсіп қалды.
Видеодан оның семсер тәрізді 1 метрдей мүйізін көруге болады» делінген әлеуметтік желідегі парақшада. Бұған дейін Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалған болатын. Сонымен қатар қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінген еді.