Алматы облысында шекара бөлімшесіне Назарбаевтың есімі берілді

Қаулы алғашқы ресми жрияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

Алматы, NEGE. Алматы облысындағы «Баянқол» шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Тиісті Үкімет қаулысына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын», - делінген құжатта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді