Алматы облысында от қойған ер адам өрт сөндіруші болып шықты
7 қыркүйекте YouTube желісінде жарияланған видеода өрт қойғандардың бірі өрт сөндіруші Жанат Өтеулиев екені айтылған.
Алматы, NEGE. "Видеода көрсетілген азамат шынымен де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ No5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері – азаматтық қорғау аға өрт сөндіру сержанты Өтеулиев Жанат Ерғалиұлы. Ол 1983 жылы туған, азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарады", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өтеулиевті Алматы облысы Жамбыл ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлімі және 505-бабы 1-бөлім бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.