Алматы облысында мектеп оқушысының аяғын көлік басып кетті

Алматы облысының Алмалыбақ ауылында мектеп оқушысының аяғын жеңіл автокөлік басып кетті.

Алматы, NEGE. Ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. 

Алмалыбақ орта меткеп гимназиясы аталмыш оқиғаға қатысты жауап берді. 

«20 қараша, сағат 17.30 шамасында мектеп алдында 5 «Г» сынып оқушысының аяғын жеңіл автокөлік басып кеткен. Оқиға болған уақытта дереу жедел-жәрдем шақырылып, оқушының ата-анасы бірден хабардар етілді. Келген жедел-жәрдем қызметкерлері оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Қарасай аудандық орталық ауруханасына алып кетті», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты