Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 12-ге жетті

Алматы облысында коронавируспен ауырған 12-ші науқас тіркелді, - деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Сырқат - 1998 жылғы қыз бала, Талғар ауданы, Ақтас ауылынан. Ол короновирус инфекциясының 11-ші жағдайы ретінде тіркелген, КВИ анализдері оң нәтиже көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғынымен байланыста болған. 12-ші сырқат Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен байланыста болған 11 адам анықталып, барлығы да карантинге алынды.  

Атап өтсек, 12 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматы облысында «коронавирус инфекциясы» диагнозы қойылған бір пациент емделіп шықты.  

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты