Алматы облысында көлік соқтығысынан екі адам қаза тапты

Алматы облысында тас жолда бірнеше көлік соғысқан. Салдарынан ер адам мен әйел қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Аймақ полициясындағылардың хабарлауына қарағанда, жол апаты 14 тамызда сағат 22.20-да "Алматы-Көкпек-Көктал" тас жолында болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, Honda маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі тас жолдың батыс бағытындағы 47-ші шақырымында Мitsubishi көлігін соғады. Ал ол авто Folkswagen маркалы көлікке түйіледі. Нonda кейін Folkswagen Passat көлігіне барып соғады да, Folkswagen Passat тағы бір көлікті - Opel Vectra-ны қағады.

Салдарынан Мitsubishi көлігінің екі жолаушысы - 26 жастағы қыз бен 27 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болады. 3 адам - Мitsubishi жүргізуші және оның жолаушысы, сондай-ақ Honda жүргізушісі түрлі жарақат алған және Есік қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 4-бөлігі 345-бабына сәйкес тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Апаттың себебі мен салдары анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған