Алматы облысында көлік соқтығысынан бір адам көз жұмды

Алматы облысында «Алматы - Көкпек - Көктал» тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.

Алматы, NEGE. Аталған көлік апатына байланысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Оқиға бүгін 06:40 шамасында «Алматы- Көкпек-Көктал» тасжолының 65-ші шақырымында болған. Анықталғандай, «Мitsubishi galant» машинасының жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол 41 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Мercedes benz sprinter» машинасына бетпе-бет соғылған. Салдарынан қарсы бағытқа шығып кеткен көліктің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ оның 45 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті» делінген аталған ведомствоның ресми хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған