Алматы облысында көлік қаққан төрт оқушының біреуі көз жұмды

Алматы облысында жол апаты кезінде жарақат алған төрт оқушының біреуі көз жұмды.

Алматы, NEGE. Қайғылы хабарды өңірдің денсаулық сақтау басқармасы растады. Жол апаты 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында болған еді. Мас күйінде көлік жүргізген 54 жастағы азамат жол бойында тұрған 8-9 жасар төрт қыз баланы қағып кеткен. Үшеуі ауруханаға түсті. Екеуінің жағдайы ауыр болған. Қазір ауруханада жатқан екі қыздың біреуінің жағдайы қалыпты. Екіншісі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ал қайғылы оқиғаға себепкер болған жүргізуші тергеліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті