Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды

Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды. Жантүршігерлік жағдай «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолында болған.

Алматы, NEGE. «19 маусым күні сағат 18:45 шамасында «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 134-шақырымында жол көлік апаты болды. Байсейіт ауылының маңында «Toyota Rav-4» және «Audi C4» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі адам Шелек ауылындағы ауруханада көз жұмды. Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар.

Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік апатына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады», делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми берген хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті