Алматы облысында қар жауады
Алматы облысында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «2 мамыр күні Алматы облысында қатты жауын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді деп болжануда. Сондай-ақ 1-6 градусқа дейін суық болады»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.