Алматы облысында иесі итін тірідей өртеп жіберген

Алматы обоысында 43 жастағы ер азаматтың иттің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберген.

Алматы, NEGE. Желіде таралған видео қоғам наразылығын тудырды. Бейнежазбаға облыстық полицейлер пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға 4 желтоқсанда Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында болған.

"Видеодағы ер адамның кім екені қазір анықталды. Ол 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер азам ат осылайша итін жазалмақшы болған. Ит тірі, қазір үй жануарларына арналған орталықта", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің өкілдері.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы (“Жануарларға қатыгездік көрсету”) бойынша тергеу басталып, іс жүргізілуде.

Жергілікті еріктілер жарақат алған иттің жағдайы туралы да хабарлады.

"Жүні барлық жерде күйіп кеткен. Денесі, басы, беті, шырышты қабаттары күйген. Дәрігерлер иттің күйік ауруына шалдығуы мүмкін екенін айтады. Қазір станционарға алып кетті", - делінген желідегі жазбада.