Алматы облысында ер адам бассейнге батып кетті

Алматы облысында ер адам бассейнге батып, мерт болды.

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай жеке меншік демалыс орындардың бірінде болған. «7 шілде күні сағат 18:30-да Алматы облысы Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу« демалыс аймағындағы бассейнде шамамен 27-30 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті. Денесі бассейннің түбінен, 1.8 метр тереңдіктен табылды. Мүрдені демалыс аймағының жұмысшылары судан шығарды», - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомоство өкілдері азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады