Алматы облысында эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Алматы облысында вирус жұқтыру дерегі азайып келеді.

Алматы, NEGE. Мәселен, тамыз айында күніне 350 адам ауруханаға түссе, бүгінде олардың саны 220-ға дейін азайып отыр. Әсіресе, Қапш.ағай қаласы мен Іле, Ақсу, Райымбек ауданында індет жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Соның нәтижесінде аталған әкімшілік аумақтар жасыл аймаққа енді. Жалпы облыс бойынша короновируспен ауырғандарға арналып 6 мыңнан аса орын дайындалған. Бүгінде ол 42 процентке толды. Өңірдегі эпид ахуалдың тұрақталуына, екпенің оң әсері бар дейді мамандар. Айта кетейік, Жетісуда бір күнде, шамамен 4 мыңға жуық адамға вакцина салынып жатыр.

Арман Жансенгіров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Алматы облысы бойынша 62 процент вакцина алған. Облыс бойынша 244 екпе егу бөлімшелері ашылған. Оның 27-сі мобильді бригада, 17-сі жылжымалы. Осы вакцинацияның нәтижесінде эпидемиологиялық ситуация. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады