Алматы облысында енесі келінін сабаған

Алматы облысында енесі келінін есінен танғанша ұрып-соққан, деп хабарлайды AstanaTV.

Алматы, NEGE. Телеарнаның мәліметінше, енесі 24 жастағы келінін осыған дейін де ұрып-соғып келген. Соңғы рет алған соққылардан қыз бірнеше сағат есінен танып жатқан екен. Салдарынан келіншек қоғам белсенділерінен көмек сұрап отыр. 

"Біздің "Не молчи" қорына кезекті өтініш келіп түсті. Енесі келінін сабаған. Келіні жас, 1996 жылғы. Қатты ұрып-соққан болуы керек, өйткені қыз төрт сағат бойы ес-түссіз жатты", - деді "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан