Алматы облысында бір жасқа толмаған сәбиге коронавирус жұққан

Алматы облысында тағы 6 адам індет жұқтырған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсында 2 фактіден анықталды. Пациенттер 1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған. Оның төртеуі – бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, қалған екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды. Сырқаттардың барлығы оқшауланып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда. 24 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 284 болды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды