Алматы облысында ауыл маңынан қару-жарақ табылды

Алматы қаласы Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД ПД ҰҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп қару-жарақ сақталған орынды анықтады,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекеме қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша қару-жарақ орналасқан жер анықталды. ИЖ-56 маркалы бір ұңғылы шолақ мылтық, тапаншаның бос оқжатары және оқ өтпейтін кеудеше Алматы – Өскемен тас жолындағы Жетіген ауылының маңында табылды.

– Бұл факт Алматы облысы ПД Іле аудандық полиция бөлімінде тіркелген. ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп атап өтті мекеме бастығы Петр Писарев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін №57 мекеме ҚАЖ қызметкерлері үш қару орнын анықтаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты