Алматы облысында ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Алматы облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірлесіп, Алматы және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бопсалаушылар тобын ұстады. Топта 21-46 жас аралығындағы жеті адам болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. – Бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша тіркелген. Айта кетейік, 2023 жылдың 11 наурызында Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінің аумағында жоғарыда аталған топтың қатысушылары шетелдік азаматқа қатысты күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған, – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.

Ұсталғандар қамалды.

– Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деді Дулат Қайыр.

Қазір оқып жатыр

Қостанайдағы сайлау учаскесінде Қыдыр ата дауыс берді

Астанада танымал волонтер жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Қонаев қаласында ретрокөліктер шеруі өтті

Референдумда билік өкілдерінен кімдер дауыс беріп үлгерді?