Алматы облысында әкесі зорлаған апалы-сіңлілерге қатысты жаңа деректер айтылды

28 мамыр күні 2001 жылғы Ц. есімді азамат пен 2003 жылғы азамат Ц. өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК 121 - бабының 4-бөлігі 'сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері' бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.

Алматы, NEGE. - Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел - іздестіру іс-шараларымен жәбірленушілердің әкесі  57 жастағы күдікті Ц. есімді азамат анықталған

"Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыстар жасалған мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды",  - делінген полицияның хабарламасында. 

Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Тергеу барысы облыс полиция департаменті бастығының бақылауында.