Алматы облысында 8 жасар қызды зорлаған педофилге үкім шықты

Алматы облысында 8 жасар қызға азғындық жасап зорлады деп айыпталған 44 жастағы азаматқа қатысты сот шешімі шықты. Оған облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 20 жылға бас бостандағынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлады

«Алматы» арнасы.

Алматы, NEGE. Зәбір көрді деген қыздың жеке басының қауіпсіздігі үшін, тыңдалым жабық режимде қаралды. Ал қорлық көрген қаршадай қыздың әжесі айыпталушы тарап кәнісін мойындамай отыр деп ашулы.

Алматы облысындағы аса ауыр қылмысты қарайтын мамандандырылған соттың бұл іске қатысты алғашқы отырысы 27 қарашада басталған. Арызданушы тараптың айтуынша, ауыр қылмыс алты рет қаралып, барлық дерекді тергеуші жинаған. Алайда соттың алғашқы отырысында күдікті өзін агресивті ұстап, айыппен келіспеген екен.

Менің кішкентай сегіз жастағы қызыма  зорлық жасаған. Бір мәрте емес. Дәлелденді. Әр үйде осындайжағдай болуы мүмкін. Кішкентай балаға обал болмаса екен деймін, – деді зардап шегушінің әжесі.

Жеті ай бұрын 8 жастағы қызды азғындықпен зорлады деп айыпталған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Алматы облысының кылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды.  Ал қылмыскер деп танылған азаматтың жерлестері оның ауылдан көшкенін талап етіп отыр.

Айта кетейік, биыл 17 мамырда Есік қаласының Көктөбе аулында қыз зорлады деген айыппен сол ауылдың тұрғыны қамауға алынған. Қазір сот үкімі толық күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді