Алматы облысында 10 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Алматы облысында 33 білім мекемесінде құрылыс жүргізіліп жатыр. Ал бүгін Іле, Қарасай, Ескелді және Панфилов аудандарында жаңадан 6 мектеп ашылды.

Алматы, NEGE. Одан бөлек, тағы 3 жекеменшік білім нысаны оқушылар қабылдайды. Білім күні карантин талаптарына сәйкес, тек бірінші сынып оқушылары ғана алғашқы қоңырау салтанатына қатысты. Іле – Алматы облысында халық тығыз орналасқан ауданның бірі. Бүгінгі күнге дейін ондағы Қараой ауылының бар баласы үш ауысыммен оқып келген еді. Бұл мәселені шешу үшін облыс бюджетінен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оған сәні мен салтанаты жарасқан зәулім ғимарат салынды.

Бұған дейін Қараой ауылында бір ғана мектеп болған. Ол үш ауысымды мектепте 2 мыңға жуық бала оқыған болатын. Қазір білім ордасы ашылғаннан кейін мектепке 800-ге жуық бала келіп жатыр.

Боралдай кентінде осыған дейін 4 мектеп болған. Соның өзінде бала саны толық болғандықтан 2 білім ошағының құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. 300 орындық жаңа мектеп білім күні есігін айқара ашты, екіншісінің құрылысы келесі жылы аяқталады. Жалпы, биыл Алматы облысында жаңа оқу жылында 47 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барды. Оқушылар саны 440 мыңға жетті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді