Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі отставкаға кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті. Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады.
Алматы, NEGE. Бұған дейін Nege.kz сайты Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне байланысты ақпаратты алғашқылардың бірі болып жариялаған болатын.
- Тақырыпқа орай: Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің істі болғаны рас па?
Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен кеткені хабарланды.
«Қуанышбек Қалиұлы 2021 жылы 12 ақпанда өткен кеңесте қызметтен өз еркімен кететінін мәлімдеді, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.