Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан көз жұмды

Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Телеграмдағы парақшасында жариялады.

Алматы, NEGE. Журналист өзінің жазбасында Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтан бөлек оның орынбасары да індет жұқтырғаны белгілі болғанын айтқан. "Әкімнің өзі Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатқанмен, орынбасары мен әкім аппаратының басшысы да ауырған. Олардың бәрі вирусты жұмыс орнында жұқтырғаны анық" делінген журналист таратқан мәліметте. Сондай-ақ, журналист Алматы облысындағы ауруханалардың тозығы жетіп, құрал-жабдықтарының ескіргенін тілге тиек ете келе, есесіне өңірдің биыл волейбол ойынына миллиардтап ақша бөлгенін де айта кетіпті. 

Әкім орынбасарының қайтыс болғаны туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел де әлеуметтік желі арқылы растады. 

«Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – деп жазды.

 Айта кету керек, бүгін таңертең Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің көз жұмғаны туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өзі жариялап, көңіл айтқан болатын. 

Nege.kz порталының ұжымы марқұмдардың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды