Алматы облысы 12 млрд теңгеге компьютер сатып алған

Алматы облысында білім саласына 80 мың компьютер сатып алу үшін 12 млрд 300 миллион қаржы бөлінген.

Алматы, NEGE.  Оның 8,3 млрд теңгесі – республикалық, 4 млрд теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты. Бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қоғамдық кеңес өкілдері алдындағы есебінде айтты.

2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы жиын онлайн форматта өтті. Шараға 100 ден аса адам яғни, Кеңес мүшелері мен депутаттар, аудан әкімдері қатысты.

«Оқушылар мен колледж студенттерінің қашықтан білім алуына барлық жағдай жасалды. 80 мың компютер сатып алу үшін 12,3 млрд теңге қаржы бөлінді. 23 мың 700 оқушыға компьютер уақытша қолдануға таратылды. Ал демеушілер көмегімен 2110 техника берілді», – деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ өңір басшысы шалғайда тұратын оқушыларды мектепке жеткізу үшін 1 млрд теңге сомасына 70 жаңа автобус сатып алынғанын айтты.

Айта кетейік, жалпы Алматы облысы бойынша оқушылардың саны 426 мыңнан асады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды