Алматы метросында қосымша пойыз қатынайды

Алматыда жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде қала метросында жылжымалы құрамның саны өсті, деп хабарлады

Алматы әкімдігі.

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, қаланың қарбалас кезінде метрополитен желісінде енді 5 минут 38 секунд жиілікпен 11 жылжымалы құрам жүретін болады.

"Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгені ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды. Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті