Алматы мен Алматы облысында блокбекеттер қойыла ма?
Алматы мен Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылды деген мәлімет шындыққа жанаспайды деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері.
Алматы, NEGE. «Желіде Алматы мен Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылды деген мәлімет тарап жатыр. Белгісіз біреулер Алматыдан Қаскелеңге, Ұзынағашқа, Шамалғанға бара жолда блокбекеттер қойылғаны туралы хабарлап жатыр. Бұл мәлімет расталмаған. Блокбекеттер қойылмайды», - делінген полицияның хабарламасында.