Алматы мектептері дәстүрлі оқыту форматына көшеді

Алматы мектептері қашан дәстүрлі оқыту форматына көшетіні белгілі болды.

Алматы, NEGE. Онлайн брифинг барысында қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов бұл процесс кезең- кезеңімен жүзеге асатынын айтты.

«Бірінші кезеңде барлық санитарлық шараларды қатаң сақтай отыра штаттық режим бойынша 1-4 класс оқушылары мектепке оралады. Екінші кезеңде 5-11 класс оқушылары барады», – деді Қайрат Жұманов.

Оның айтуынша, бұл мәселе қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен біріге отырып қарастырылады.

Қазір қалада 271 мыңнан астам оқушы 207 мемлекеттік мектепте оқиды. 16 мыңнан астам оқушы 66 жеке меншік мектепте білім алып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»