«Алматы марафонына» байланысты қалада кейбір көшелер жабылады

Алматыда 12 қараша күні City Run 2023 қалалық жарысы өтеді. Осыған байланысты жарыс өтетін жерлерде жолдарда қозғалыс ішінара жабылады.

Алматы, NEGE. Сөре пен мәре Төле би көшесіндегі «Астана» алаңы. Бағыт Наурызбай батыр, Шевченко, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінен өтеді.

City Run – бұл қаланың қақ ортасында өтетін маусымның соңғы жарысы. Әуесқойларға екі қашықтық ұсынылады – 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс. Жарысқа 2200 адам қатысады. Қашықтықты жүгіріп өткен барлық қатысушы мәре сызығында қала пейзажы бейнеленген медаль алады.

Жас санаттарындағы жүлдегерлер серіктестер мен демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 10 км қашықтықтағы абсолютті санаттағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы

Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы ең жас миллионерлердің қатарына енді

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді